«Ақтөбе» клубының бас бапкері қызметінен кетуі мүмкін
Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін «Ақтөбе» клубының бас бапкері, болгариялық маман Николай Костов жуырда қызметінен кетуі мүмкін, деп хабарлайды malimsports.kz.
Дереккөз мәліметінше, клуб басшылығы кеше команда бапкерімен келіссөз жүргізіп, жыл соңына дейін жарамды келісімшартты бұзу туралы шешім қабылдаған. Николай Костовқа аз мөлшерде өтемақы төленіп, ол екі көмекшісімен бірге жақын арада Қазақстаннан кетеді.
Айта кетейік, Николай Костов «Ақтөбе» тізгінін 2025 жылдың тамыз айында қолға алған. Оның жетекшілігімен команда 10 ресми матч өткізіп, 4 жеңіске жетті, 1 рет тең түсіп, 5 ойында жеңіліс тапты.
Еске салсақ, Қазақстан Премьер-лигасы 2026 жылғы маусымының алғашқы үш турында «қызыл-ақтар» небәрі 3 ұпай жинап, турнирлік кестеде 10-орында тұр.
Фото: "Ақтөбе" ФК
Ең көп оқылған