«Ақтөбе» клубына жаңа бас бапкер тағайындалды
Қазақстандық «Ақтөбе» клубы словакиялық маман Штефан Тарковичпен келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Штефан Таркович 1973 жылы 18 ақпанда дүниеге келген. Футболшы ретінде 1996 жылдан бастап Словакияның бірқатар клубтарында өнер көрсеткен. Бапкерлік мансабында Словакия және БАӘ клубтарында жұмыс істеп, 2023-2024 жылдары Қырғызстан ұлттық құрамасын жаттықтырды.
Айта кетейік, Ақтөбе биылғы маусымды сәтсіз бастады. Команда алғашқы үш турда бір жеңіске жетіп, қалған ойындарда ұпай жоғалтты. Қазіргі таңда турнир кестесінде 3 ұпаймен 10-орында тұр. Осы нәтижелерге байланысты болгариялық маман Николай Костов қызметінен кетті.
Өткен маусымның ортасында команданы тізгіндеген Костов чемпионатты 5-орынмен аяқтаған еді. 2025 жылдың тамызынан бері оның жетекшілігімен «Ақтөбе» Қазақстан Премьер-лигасында 10 матч өткізіп, 4 жеңіс, 1 тең нәтиже және 5 жеңіліс тіркеді.
Қазақстан Премьер-лигасының 4-туры аясында ақтөбелік клуб 5 сәуірде сырт алаңда Ұлытау командасымен кездеседі.
Фото: championat.com
Ең көп оқылған