«Ақтөбе» футбол клубының оқу-жаттығуға аттанған құрамы белгілі болды
«Ақтөбе» футбол клубының Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына аттанған құрамы жарияланды. Клубтың ресми хабарлауынша, дайындық кезеңіне барлығы 26 ойыншы жол тартқан.
Ресми мәліметке сәйкес, қақпашылар құрамында Саятхан Құсайынов, Парасат Таңжарықов, Игорь Трофимец және Александр Заруцкий бар.
Қорғаушылар қатарында Талғат Кусяпов, Әділхан Таңжарықов, Бағдат Қайыров, Хасен Артурұлы, Марк Богачев және Иван Ордец аталды.
Жартылай қорғаушылар: Марио Рабиу, Никита Корзун, Георгий Жуков, Айдын Жалькович, Еркебұлан Сейдахмет, Кәрім Елеуов, Нұрдәулет Төреғали, Дархан Бердібек, Аян Байдәулетов, Вячеслав Швырев.
Шабуылшылар сапында Айбар Абдулла, Мирам Кикбаев, Виталий Латурнус, Артур Шушеначев, Даниэль Соса және Амаду Думбия бар.
Сонымен қатар «Ақтөбе» футбол клубының басқарма төрағасы Арман Оспанов клубтың алдағы даму жоспарларымен бөлісті.
«Бүгін таңертең ғана «Ақтөбе» футбол клубы жекеменшікке өтті. Қазіргі уақытта келісімшарт негізінде жұмыс істеп жатқан бас бапкер бар, ол өз қызметін жалғастырады. Команда Түркияға аттанды, қаржы бөлінді. Біз ақтөбелік жастарды тәрбиелеп, негізгі құрамға қосуды мақсат етеміз. Ол үшін заманауи әдістемелер енгізіледі. 28 қаңтар күні Лиссабон қаласына барып, Бенфика мен Спортинг клубтарының кампустарының жұмысымен танысамыз. Негізгі құрам мен академияға арналған заманауи кампус Ақтөбеде салынады. Онда жасанды және табиғи алаңдар, манеж, бассейн, жаттығу залы секілді барлық қажетті инфрақұрылым болады. Қаржы қарастырылған, - деді Арман Оспанов.
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған