«Ақтөбе» футбол клубының 15 жастағы ойыншысы Арон Мұса қайтыс болды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл туралы «Ақтөбе» футбол клубының Instagram парақшасында жазба жария болды.
«QJ league турнирінде ойнайтын «Ақтөбе U-16» командасының ойыншысы 15 жастағы футболшы Арон Мұса өмірден озды. Аронның отбасында үлкен қайғы болды. Аронмен бірге әжесі және немере ағасы да көз жұмды. Мұса әулетіне, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз», - деп жазылған жазбада.
Футбол клубы Мұса әулетіне, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтты.
Фото: "Ақтөбе" ФК