«Ақтөбе» Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады
Қазақстанның әйелдер арасындағы «Ақтөбе» футбол клубы УЕФА Әйелдер чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы кездесуінде Исландияның «Брейдаблик» командасын жеңіп, турнирдің финалына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ақтөбе қаласында өтіп жатқан іріктеу турнирінің жартылай финалында негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталды. Алаң иелері сапынан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Екатерина Бабшук 12-минутта есеп ашса, төрт минуттан кейін америкалық жартылай қорғаушы Кэтлин Дуонг таразы басын теңестірді.
Қосымша уақытта командалар жеңімпазды анықтай алмады. Нәтижесінде матч тағдыры пенальти сериясында шешіліп, «Ақтөбе» 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Пенальти сериясында «Ақтөбе» қақпашысы Зухра Толибекова екі бірдей соққыны қайтарып, командасының жеңісіне зор үлес қосты.
Осылайша, қазақстандық клуб іріктеу турнирінің финалына шықты. Шешуші кездесуде «Ақтөбе» Швейцарияның «Серветт» клубымен кездеседі. Женева командасы жартылай финалда Беларусьтің «Динамо» (Минск) клубын 3:0 есебімен сенімді түрде жеңді.
Төрт команда қатысып жатқан бұл іріктеу кезеңінің жеңімпазы УЕФА Әйелдер чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алады.
Фото: "Ақтөбе" ФК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған