«Ақтөбе» бапкері ҚПЛ-дегі өзге клубты тізгіндейді
62 жастағы болгариялық маман Николай Костов «Ақтөбе» клубынан кеткеннен кейін Көкшетаудың «Оқжетпесін» жаттықтырады. Бұл туралы KazFootball.kz хабарлады.
Николай Костов бұған дейін Кипр, Украина және Болгария чемпионаттарында еңбек еткен. 2002 жылы Кипрдің «Анортосис» клубымен ел кубогын жеңіп алған. Қазақстанда қарағандылық «Шахтёр» мен ақтаулық «Каспийдің» бас бапкері болды.
«Ақтөбені» Костов биыл тамыз айында қабылдап, команда тізгінінде жеті матч өткізді. Маусым қорытындысында клуб ҚПЛ-де бесінші орынға тұрақтады.
Енді тәжірибелі маман Көкшетаудың «Оқжетпес» клубының бас бапкері қызметіне кіріседі.
Ең көп оқылған