Ақтауда жаңа футбол стадионы салынатын орын белгілі болды
Ақтау қаласында 10 мың көрерменге арналған жаңа заманауи футбол стадионының құрылысы жоспарланып отыр.
Жаңа футбол аренасы Самал шағынауданында орналасқан бұрынғы резиденция аумағында салынбақ. Бұл туралы «Лада» басылымы мәлімдеді.
Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының хабарлауынша, 2025 жылы көпфункционалды футбол стадионының жобалық-сметалық құжаттамасын (ЖСҚ) дайындау жұмыстары басталған. Спорт нысанын орналастыру үшін жалпы көлемі 20 гектар жер телімі бөлінген.
Жоба аясында балалар мен жасөспірімдерді оқытуға және дамытуға бағытталған футбол академиясын ашу да көзделіп отыр.
Ал 2026 жылы жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу толық аяқталып, одан кейін жобаны қаржыландыру тетіктері бойынша шешім қабылданатын болады.
Айта кетейік, Ақтауда жаңа стадион салынатыны туралы ақпарат өткен жылдың маусым айында белгілі болған еді.
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған