30 қыркүйек күні қазақстандық «Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңінде әйгілі испандық «Реал Мадрид» командасымен кездеседі, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ел тарихындағы маңызды ойын Ақтаудағы «Амфитеатр» алаңында үлкен экраннан тікелей көрсетілмек.
Қала әкімдігі ұйымдастырып отырған ашық көрсетілімге барлық ақтау тұрғындары мен қала қонақтары шақырылады. Жанкүйерлер тарихи сәтті нағыз футбол атмосферасында тамашалап, ұлттық команданы бірге қолдай алады.