Мәзір
Футбол

Ақтауда ардагерлер арасында шағын футболдан халықаралық турнир өтіп жатыр

Сабина Асқарқызы 234 қаралым
Ақтауда ардагерлер арасында шағын футболдан халықаралық турнир өтіп жатыр

Ақтауда қала әкімінің кубогы үшін 50 жастан асқан ардагерлер арасында шағын футболдан IV Халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz otpannews.kz-ке сілтеме жасап. 

5 күнге созылатын жарыста 8 команда бақ сынайды. Олардың қатарында «Зренянин», «Хожа-ели», «BS Arena», «МобилСервис», «Динамо», «Барс Ойл», «Университет», «Turkiye» командалары бар. 

Халықаралық деңгейде өтіп жатқан додаға Ресейдің Каспийск қаласынан, Өзбекстанның Ходжейли қаласынан, Сербияның Зренянин қаласынан және Түркияның Ақтауда жұмыс істеп жатқан азаматтарынан құралған командалар қатысып жатыр. Сонымен қатар, Атырау қаласынан және Ақтаудан 3 команда өнер көрсетеді. 

"Ақтау қаласы әкімінің кубогы үшін шағын футболдан халықаралық турнир қаламызда осымен төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Жыл өткен сайын турнирдің деңгейі артып келеді. Мысалы, былтыр шетелден 2 команда қатысса, биыл олардың саны төртке жетті. Жарысты өткізу мен ұйымдастыру жұмыстарын Ақтау қаласының әкімдігі мен спорт ардагерлерінің қоғамдық бірлестігі бірлесе атқарып жатыр", - деді шара ұйымдастырушысы Насуха Байпақов. 

Айта кетейік, шара қала күніне орай өткізіліп жатыр.

Фото: otpannews.kz

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар