457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

АҚШ әлем чемпионатына қатысатын кейбір елдерге ерекше талап қойды

Аталған шектеулер жалпы 50 елдің азаматтарына қатысты болып отыр.

АҚШ-та 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына келетін кейбір мемлекеттердің жанкүйерлері мен футболшыларына елге кіру үшін туристік виза алу барысында 15 мың АҚШ доллары көлемінде кепіл төлеу талабы қойылды. Бұл туралы The Athletic хабарлады, деп жазады malimsports.kz

Аталған шектеулер жалпы 50 елдің азаматтарына қатысты болып отыр. Соның ішінде әлем чемпионатына жолдама алған бес мемлекет бар: Алжир, Кабо-Верде, Сенегал, Кот-д’Ивуар және Тунис. Бұл құрамалар топтық кезең матчтарын АҚШ аумағында өткізеді.

Бағдарламада әлем чемпионаты сияқты ірі спорттық жарыстарға қатысушылар үшін арнайы жеңілдіктер қарастырылғаны нақты көрсетілмеген.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі барлық үміткерлерге бірдей талап қойылатынын мәлімдеді. Егер виза алған адам белгіленген мерзімде елден шығып кетсе, төленген кепіл қаржысы толық қайтарылады. Сонымен қатар әрбір өтініш жеке қаралатыны айтылды.

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты Футболдан әлем чемпионаты 2026 жылдың 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексика аумағында өтеді.
Фото: Getty Images