457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Антуан Гризманн мансабын MLS лигасында жалғастырады

Мадридтің «Атлетико» клубының шабуылшысы, Франция құрамасының бұрынғы ойыншысы Антуан Гризманн мансабын АҚШ-тың MLS лигасында жалғастыратын болды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Мәліметтерге сәйкес, 35 жастағы футболшы «Орландо Сити» клубымен екі жылдық келісімшарт жасасады. Ол жаңа командасына 2026 жылдың шілде айында қосылады деп күтілуде. Бұл трансферді танымал инсайдер Фабрицио Романо «Here we go» белгісімен растаған.

Гризманн «Атлетико» сапында табысты өнер көрсетіп, клубпен бірге 2014 жылы Испания Суперкубогын, 2017/18 маусымында Еуропа лигасын және 2018 жылы УЕФА Суперкубогын жеңіп алды.

Ағымдағы маусымда француз шабуылшысы 42 матчқа қатысып, 13 гол соғып, 4 нәтижелі пас авторы атанды. Жалпы, «Атлетико» жейдесінде 10 маусым өткізіп, 488 ойында 211 гол және 97 ассист тіркеген.

 

 

 

Фото: Reuters