457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Антуан Гризманн «Атлетикода" мансабын жалғастырмайтын болды

35 жастағы футболшы АҚШ-тың Орландо Сити клубымен екі жылдық келісімшартқа қол қояды.

Мадридтің «Атлетико Мадрид» клубының шабуылшысы, Франция құрамасының бұрынғы ойыншысы Антуан Гризманн мансабын MLS лигасында жалғастырады, деп хабарлайды malimsports.kz

1bol.kz-тің жазуынша, 35 жастағы футболшы АҚШ-тың Орландо Сити клубымен екі жылдық келісімшартқа қол қояды. Ол жаңа командасына 2026 жылдың шілде айында қосылады деп күтіліп отыр. Бұл трансферді белгілі инсайдер Фабрицио Романо «Here we go» белгісімен растады.

Гризманн «Атлетико» сапында нәтижелі өнер көрсетті. Ол клубпен бірге 2014 жылы Испания Суперкубогын, 2017/18 маусымда Еуропа лигасын, сондай-ақ 2018 жылы УЕФА Суперкубогын жеңіп алды.

Биылғы маусымда француз шабуылшысы 42 матчқа қатысып, 13 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді. Ал жалпы алғанда, «Атлетико» жейдесінде 10 маусым өткізіп, 488 ойында 211 гол және 97 ассист тіркеген.

Фото: Global Look Press