Англияда Дастан Сәтпаевтың «Бёрнли» сапындағы дебютіне баға берілді
Англиялық The Chelsea Chronicle басылымы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың «Бёрнли» сапындағы дебютіне баға берді, деп хабарлайды malimsports.kz.
18 жастағы футболшы Лондонның «Челси» клубынан жалға алынып, Чемпионшиптің «Вест Бромвичке» қарсы сырт алаңдағы кездесуінде ойынның аяқталуына шамамен 30 минут қалғанда алаңға шықты. Сәтпаев ойынға қосылған сәтте «Бёрнли» 1:2 есебімен жеңіліп жатқан. Кездесу алаң иелерінің 3:1 есебімен жеңісімен аяқталды.
Басылым қазақстандық футболшының дебютін «Челси» скауттары мұқият бақылаған болуы мүмкін екенін жазды. Сәтпаев айдың басында 18 жасқа толып, өткен аптада «Бёрнлиге» жалға берілген.
The Chelsea Chronicle өкілдерінің пікірінше, Сәтпаев алаңға командасы үшін қолайсыз есеп кезінде шыққан. Оның алаңға қосылғанынан сегіз минут өткен соң «Вест Бромвич» пенальтиден есепті 3:1-ге жеткізді.
«Сатпаев көп нәрсе істей алмады, дегенмен оның алаңға шығуы жақсы әсер қалдырды. Қазақстандық футболшы сәрсенбі күні-ақ негізгі құрамда дебют жасауы мүмкін», - деп жазды басылым.
«Бёрнли» келесі кездесуін Англия Кубогының емес, Англия Лига кубогының екінші кезеңінде «Брэдфорд Ситиге» қарсы өткізеді.
Фото: Ашық дерекккөзден
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Ең көп оқылған