Мәзір
Футбол

«Англия мен Грекия клубтары». «Қайрат» Анарбековтың Еуропаға ауысуы туралы айтты

Сабина Асқарқызы 68 қаралым
«Англия мен Грекия клубтары». «Қайрат» Анарбековтың Еуропаға ауысуы туралы айтты

Қазақстан құрамасы мен «Кайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков бірнеше еуропалық клубтың қызығушылығын тудырды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бұл туралы алматылық клубтың байқау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, қақпашыға қатысты әзірге ресми ұсыныс түспеген, алайда бірқатар еуропалық чемпионаттар тарапынан қызығушылық бар.

«Анарбеков бойынша ресми ұсыныс келеді деп күтіп отырмыз әрі соған үміт артамыз. Оны кімдердің бақылап жүргенін, кімдердің назарында екенін білеміз. Өте мықты клубтар – Англиядан да, Грекиядан да, Ресейден де бар. Барлығы оған назар аударды. Чемпиондар лигасында жарқын ойын көрсетті. Ол, қателеспесем, Чемпиондар лигасының үздік 10 ойыншысының қатарына енді. Бұл да көп нәрсені аңғартады», – деді Боранбаев YouTube-тағы ArchiBall арнасына берген сұхбатында.

Еске салайық, 2025/26 маусымында Темірлан Анарбеков «Қайратқа» УЕФА Чемпиондар лигасы жалпы кезеңіне шығуға көмектесті. Турнирдің негізгі сатысында ол алты матч өткізді.

Қазіргі таңда Transfermarkt порталының мәліметінше, қақпашының нарықтық құны 400 мың еуроға бағаланып отыр.

 

 

Фото: "Қайрат" ФК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар