457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Андрей Мартин Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне үміткерлер қатарына енді

Шымкенттің «Ордабасы» клубының бас бапкері Андрей Мартин Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне үміткерлердің тізіміне енді. Бұл туралы инсайдер Эльдар Аманбаев мәлімдеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Скотт Манн ұлттық құраманың жаңа бас бапкерін іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Уақыт тығыз, өйткені қыркүйек айының соңында Қазақстан құрамасын Ұлттар лигасының маңызды матчтары күтіп тұр.

Мәліметке сәйкес, федерация жаңа бапкерді таңдауда оның табысты жұмыс тәжірибесі мен қол жеткізген жетістіктеріне басымдық береді. ҚФФ басшылығы тәжірибелі әрі жүлделі мамандарды қарастырып отыр.

Сонымен қатар, шетелдік мамандармен жүргізіліп жатқан келіссөздердің күрделілігіне байланысты федерация жыл соңына дейін уақытша бас бапкер тағайындау мүмкіндігін де қарастыруда.

Эльдар Аманбаевтың жазуынша бірқатар шетелдік маман түрлі себептерге байланысты қазіргі кезеңде Қазақстан құрамасын жаттықтыру туралы ұсынысты қабылдауға дайын емес.

 

Фото: "Ордабасы" ФК