457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Андреа Пирло Италия құрамасының бас бапкері қызметіне үміткерлер қатарынан шығарылды

Бірқатар саясаткерлер Пирлоның кандидатурасына қарсы шыққан.

Италия футболының аңызы Андреа Пирло енді Италия ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне үміткер емес екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады malimsports.kz

Бұған дейін Пирлоның ұлттық құраманы тізгіндейтін негізгі кандидаттардың бірі екені айтылған. Алайда оның ресейлік букмекерлік компания Fonbet-пен коммерциялық келісімшарты Италияда саяси дау туғызып, тағайындау процесі тоқтатылды.

Италия заңнамасына сәйкес, ұлттық құраманың бас бапкері букмекерлік компаниялармен келісімшарттық байланыста болмауы тиіс. Осыған байланысты бірқатар саясаткерлер Пирлоның кандидатурасына қарсы шыққан.

Сонымен қатар, Пирлоның 2026 жылдың мамыр айында жарнамалық науқан аясында Мәскеуге барып, футбол мерекесіне қатысуы да қоғамда сынға ұшырады. Кейбір саясаткерлер мұндай әрекет ұлттық құраманың болашақ бас бапкеріне лайық емес деп бағалады.

Өз мәлімдемесінде Андреа Пирло аталған ынтымақтастықтың тек коммерциялық және спорттық сипатта болғанын, оның ешқандай саяси астары жоқ екенін атап өтті.

47 жастағы Пирло қазіргі таңда БАӘ-нің «Дубай Юнайтед» клубын жаттықтырады. Бұған дейін ол «Ювентус», «Сампдория» және «Фатих Карагюмрюк» клубтарының бас бапкері болған. Футболшы ретінде ол алты дүркін Италия чемпионы, екі мәрте Чемпиондар лигасының жеңімпазы және 2006 жылғы әлем чемпионы атанған.

Фото: desport.fandom.com