Итальяндық опера әншісі Андреа Бочелли және корей-америкалық әнші, «Грэмми» мен «Оскар» сыйлығының иегері Иджей (Ejae) 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының ресми әнін Мехикода өтетін ашылу салтанатында орындайды, деп хабарлайды malimsports.kz.
ФИФА мәліметінше, «DNA» («ДНҚ») атты әнді жазуға сондай-ақ әнші Меган Ти Сталлион және француз диджейі Дэвид Гетта да қатысқан.
Турнирдің ашылуы 11 маусымда Мексика мен Оңтүстік Африка құрамалары арасындағы матчпен басталады. Ойын Мехикодағы «Ацтека» стадионында өтеді.
2026 жылғы әлем чемпионатын Мексика, АҚШ және Канада бірлесіп қабылдайды.
Фото: Getty Images