"Анарбековке орын босатты": Қайраттың негізгі қақпашысы алыпқашпа әңгімеге пікір білдірді
Алматылық «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Александр Заруцкий командамен келісімшартын ұзартпайтыны туралы тарап жатқан ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Nur.kz-тің жазуынша, бұған дейін AmanVIBE Telegram арнасында «Қайрат» клубы тәжірибелі қақпашымен келісімшартты жалғастырмауы мүмкін деген ақпарат жарияланған болатын. Онда Заруцкий маусымды негізгі құрамда бастап, кейін жарақат алуына байланысты алаңдағы орнын жас қақпашы Темірлан Анарбековке босатқандығы айтылған.
Желідегі бұл хабарлама бірден отандық бұқаралық ақпарат құралдарында тарады. Алайда Александр Заруцкий өз Instagram парақшасында бұл қауесеттерге қысқаша жауап беріп, мәселенің шындыққа жанаспайтынын меңзеді.
«Хайп үшін көпшілік жалған ақпарат таратуға да дайын. Қазір хайп ар-намыстан да маңызды болып тұр», - деп жазды қақпашы өз жазбасында.
Айта кетейік, Заруцкий 2023 жылдан бері «Қайрат» сапында ойнап келеді және биылғы маусымда командамен бірге Қазақстан чемпионы атанған болатын.
Фото: Ашық дереккөзден
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған