457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Америкалық футбол ойыншысы 23 жасында жол апатынан қаза тапты

Боулдер қаласындағы Колорадо университеті командасының квотербегі Доминик Пондер 24 жасқа толатын еді. 

«Колорадо Баффалос» командасының ойыншысы Доминик Пондер жоғары жылдамдықпен келе жатып қоршауға соғылып, команда жаттығулары қайта басталардан бір күн бұрын көз жұмды, деп хабарлайды malimsports.kz

Боулдер қаласындағы Колорадо университеті командасының квотербегі Доминик Пондер 24 жасқа толатын еді. 

Пондер 1 наурыз күні таңертең Боулдер округінде Tesla автокөлігін жоғары жылдамдықпен басқара алмай, бұрылыста жол жиегіндегі қоршауға, кейін электр желісінің тірегіне соғылған.

Командасы дүйсенбі күні үзілістен кейін жаттығуды қайта бастауы тиіс болған.

Пондер NCAA - Ұлттық студенттік спорт қауымдастығының жоғары дивизионында өнер көрсететін «Колорадо Баффалос» командасында ойнады.

Квотербек - америкалық футболдағы шабуылды ұйымдастыратын негізгі ойыншы.

Фото: «Колорадо Баффалос» командасының X парақшасы