«Алтын доп» иегері тағы жарақат алды
Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің төртінші турындағы ПСЖ – «Бавария» матчында күтпеген жағдай орын алды.
Ойынның 25-минутында ПСЖ бас бапкері Луис Энрике команданың көшбасшысын ауыстыруға мәжбүр болды. Өйткені шабуылшы Усман Дембеле жарақат алып, алаңнан кетуге тура келді. Франция құрамасының футболшысы өзін жайсыз сезініп, алаңды тастап шыққаннан кейін тікелей трибуна астындағы бөлмеге бет алды. Бұл медициналық тексеріс дереу басталғанын білдіреді.
Дембеленің орнына тез арада оңтүстіккореялық шабуылшы Ли Кан Ин шықты.
Айта кетейік, Усман Дембеле жақында ғана 2025 жылғы «Алтын доп» иегері атанған еді. Оның жарақатының қаншалықты ауыр екені алдағы уақытта белгілі болады. ПСЖ жанкүйерлері маңызды маусымда жұлдызды ойыншысыз қаламыз ба деп алаңдаулы.
Бұл кездесуде «Бавария» сырт алаңда 2:1 есебімен жеңіске жетті.
ФОТО: Getty Images
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған