457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Алтын доп-2026»: Месси үздік үштікте, Дембеле алтыншы орында

Sports Illustrated (SI) басылымы 2026 жылғы «Алтын доп» жүлдесіне үміткерлердің жаңартылған рейтингін жариялады. Тізімнің көшін «Манчестер Сити» мен Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Родри Эрнандес бастап тұр, деп хабарлайды malimsports.kz.

2024 жылғы «Алтын доп» иегері 2026 жылғы әлем чемпионатында Испания құрамасының басты көшбасшыларының біріне айналды. Испания чемпион атанып, Родри турнирдің үздік ойыншысына берілетін әлем чемпионатының «Алтын добын» жеңіп алды.

Екінші орынға «Барселонаның» 19 жастағы жұлдызы Ламин Ямаль жайғасты. Испанияның әлем чемпионатындағы жеңісіне үлес қосқан футболшы клубтық маусымда да жоғары нәтижелер көрсетті. Ол барлық турнирде 24 гол соғып, 18 нәтижелі пас берген.

Үздік үштікті «Интер Майами» және Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси түйіндеді. Әлем чемпионатында аргентиналық шабуылшы сегіз гол соғып, төрт нәтижелі пас жасаған. Аргентина құрамасы турнирдің финалына қатарынан екінші рет шықты.

Ал жүлденің қазіргі иегері Усман Дембеле SI рейтингінде алтыншы орында тұр. ПСЖ ойыншысы клубымен бірге Чемпиондар лигасында екінші жыл қатарынан жеңіске жетіп, Франция құрамасымен әлем чемпионатының жартылай финалына дейін барды.

Sports Illustrated нұсқасы бойынша «Алтын доп-2026» жүлдесіне басты 10 үміткер:

Родри – «Манчестер Сити», Испания

Ламин Ямаль – «Барселона», Испания

Лионель Месси – «Интер Майами», Аргентина

Харри Кейн – «Бавария», Англия

Килиан Мбаппе – «Реал», Франция

Усман Дембеле – ПСЖ, Франция

Майкл Олисе – «Бавария», Франция

Джуд Беллингем – «Реал», Англия

Эрлинг Холанд – «Манчестер Сити», Норвегия

Фабиан Руис – ПСЖ, Испания

Айта кетейік, 2026 жылғы «Алтын доп» марапаттау рәсімі алғаш рет Парижден тыс жерде – Лондонда өтеді. Жүлденің жаңа иегері 26 қазанда Ұлыбритания астанасында анықталады.

 

Фото: ©x.com/ballondor