457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Алтын доп-2025» иегері белгілі болды – БАҚ

Ақпаратқа сәйкес, әлемнің үздік футболшысы атағы Пари Сен-Жерменнің шабуылшысы Усман Дембелеге беріледі.

Ресми марапаттау рәсіміне санаулы сағаттар қалғанда, «Алтын доп-2025» иегерінің есімі желіге тарап кетті, деп хабарлайды The Touchline француз журналисі Ромен Колле-Годенге сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, әлемнің үздік футболшысы атағы Пари Сен-Жерменнің шабуылшысы Усман Дембелеге беріледі.

Ресми марапаттау кеші бүгін, 22 қыркүйекте, Париждегі «Шатле» театрында өтеді.

Өткен маусымда Дембеле барлық турнирде 53 матч өткізіп, 35 гол соғып, 16 нәтижелі пас берген. Ол ПСЖ құрамында Чемпиондар лигасын, Франция чемпионатын, ел Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды.

Фото: AP/TASS