457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алматыға "Реал Мадрид" клубының мыңнан астам жанкүйері келеді

Алматыға өз командасын қолдау үшін 6500 шақырымнан астам жолды еңсеріп, мыңнан аса испан жанкүйері келеді деп күтіліп отыр

Испания Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Луис Франсиско Мартинес Монтес «Қайрат» футбол клубының базасына келді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Сапар барысында құрметті қонақ клуб инфрақұрылымымен танысып, базаның деңгейін жоғары бағалап, оны Еуропаның жетекші клубтарымен салыстырды.
Кездесу кезінде мадридтік «Реалға» қарсы алдағы ойынға қатысты мәселелер қозғалды.
Алматыға өз командасын қолдау үшін 6500 шақырымнан астам жолды еңсеріп, мыңнан аса испан жанкүйері келеді деп күтіліп отыр. Испания Елшілігі қонақтарға консулдық қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Кездесу соңында «Қайрат» ФК бас директоры Аскар Есімов Луис Монтеске естелік сый табыстады. Өз кезегінде елші «Қайратқа» «Реалға» қарсы ойында сәттілік тіледі.

Фото: "Қайрат" ФК баспасөз қызметі