Мәзір
Футбол

Алматыда салынатын жаңа стадионның сыйымдылығы 45 мың орынға дейін артуы мүмкін

Сабина Асқарқызы 259 қаралым
Алматыда салынатын жаңа стадионның сыйымдылығы 45 мың орынға дейін артуы мүмкін

Алматыда қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXXIX сессиясы өтті, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Жиында мегаполистің алдағы жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарлары талқыланды.

Сессия барысында қала әкімі Дархан Сатыбалды Алматының 2026-2028 жылдарға арналған бюджет жобасын депутаттардың назарына ұсынды. Оның айтуынша, 2026 жылға арналған жергілікті бюджет көлемі 2,8 трлн теңгені құрайды. Бұл қаражаттың 85 млрд теңгесі экономикалық өсімді ынталандыруға бағытталса, жол және көлік инфрақұрылымын дамытуға да айтарлықтай қаржы бөлінеді.

Жиын кезінде шаһар басшысы Алматыда салынуы жоспарланған жаңа стадионға да тоқталды. Президент тапсырмасына сәйкес халықаралық талаптарға сай спорт нысанының құрылысы жалғасып жатқанын атап өткен қала әкімі аренаның бастапқы жобадағы 35 мың орындық сыйымдылығын 45 мыңға дейін ұлғайту мүмкіндігі қарастырылып жатқанын жеткізді.

Қазіргі жоспар бойынша жаңа стадионның құрылысы 2027 жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс.

 

 

Фото: скриншот

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар