457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алматыда «Реал Мадрид» футболшыларын жанкүйерлер ерекше қарсы алды

VIP аймағында жанкүйерлер тіпті одан да көп болды

Әлемнің ең танымал футбол клубтарының бірі – мадридтік «Реал» Алматыға табан тіреді. Команда Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі «Қайратқа» қарсы матчқа дайындық аясында арнайы чартерлік рейспен ұшып келді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Әуежайдағы ажиотаж

Жанкүйерлер футболшылардың келетінін алдын ала білгендіктен, Алматы халықаралық әуежайында таңертеңнен бастап ерекше қозғалыс байқалды. Көпшілік Iberia әуе компаниясының IB 1401 чартерлік рейсін тағатсыздана күтіп, сүйікті жұлдыздарын қарсы алуға жиналды.

Алайда ойыншылар көпшіліктің күткен жерінен шыққан жоқ. Олар әдеттегі терминалдан емес, әуежайдың оңтүстік жағындағы VIP-шығу есігін пайдаланды.

Фанаттардың қуанышы

VIP аймағында жанкүйерлер тіпті одан да көп болды. Олар ұшақ қонған сәттен бастап қоршаудың ар жағынан команданы көруге тырысты. Ақыры бірнеше сағат күткен соң, жұлдызды футболшылар сыртқа шығып, арнайы автобустар мен көліктерге отырып, қаладағы бесжұлдызды қонақүйге бет алды.

Алдағы ойын

Айта кетейік, көптен күткен матч 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Бұл ойын Қазақстан футболындағы ең ірі оқиғалардың бірі болатыны сөзсіз.

Фото: "Реал" клубының баспасөз қызметі