Алматыда «Қайрат» клубына жаңа стадион салынады
«Қайрат» футбол клубы бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев жаңа стадион салу жобасы дайындалып жатқанын айтты.
Оның сөзінше, жаңа арена қаланың қолайлы жерінде, метро станциясына жақын орналасады.
Боранбаевтың айтуынша, стадион толықтай «Қайрат» футбол клубының өз алаңы болады.
Бұған дейін Алматы әкімдігі Орталық стадионды қайта жаңғырту жоспарын ұсынған еді. Алайда кейін бұл шешім өзгеріп, жаңа стадион салу туралы шешім қабылданған. Жобаның құрылысы шамамен екі жылда аяқталады деп күтілуде.
«Стадионның макетін әзірге тек видеодан көрдім», - деді Қайрат Боранбаев.
Айта кетейік, Алматы әкімі Дархан Сатыбалды бұған дейін жаңа футбол стадионы 35 мың көрерменге лайықталып салынатынын мәлімдеген.
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған