457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алматы полициясы «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы алдында мәлімдеме жасады

2,5 мыңнан астам полицей жұмылдырылады

Алматы полициясы алдағы «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасы ойынына дайындықты пысықтап, қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігіне кепілдік берді. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

2,5 мыңнан астам полицей жұмылдырылады

Құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2,5 мыңнан астам қызметкер тартылады. Олардың негізгі міндеті – жанкүйерлер мен ойыншылардың қауіпсіздігін сақтау, сондай-ақ жол қозғалысын реттеу.

Ресми үндеу

Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев тұрғындар мен қонақтарға үндеу жасады:

«Қымбатты алматылықтар, қадірлі қонақтар! Ертең қаламызда «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы халықаралық матч өтеді. Бұл – үлкен спорт мерекесі әрі Алматының қонақжайлығын көрсетуге тамаша мүмкіндік. Біз барлық жанкүйерлерден мәдениетті қолдау көрсетуді, қаламызды таза ұстауды және бір-біріне құрметпен қарауды сұраймыз. Осылайша біз еліміздің абыройын бірге көтереміз».

Қозғалысқа шектеулер енгізіледі

Матч күні қалада қозғалысқа ішінара шектеулер қойылады. Осыған байланысты тұрғындардан жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлау, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарау және тәртіпті қатаң сақтау сұралады.

Қалаға «Реалдың» жұлдыздары келді

Айта кетейік, кеше кешке мадридтік «Реалдың» футболшылары Алматыға келді. Әуежайда әлемдік деңгейдегі жұлдыздарды қарсы алуға жанкүйерлер мен журналистер көп жиналды. Бұл сәт ел футбол тарихындағы айтулы оқиға ретінде бағалануда.

Фото: Алматы қаласының әкімдігі