457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алматы мен Шымкент Ресей құрамасы мен клубтарының халықаралық матчтарын қабылдауы мүмкін

Алматыдағы Орталық стадион мен Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион Ресей ұлттық құрамасы мен ресейлік клубтардың халықаралық жарыстарға қайта оралса, бейтарап алаңдағы матчтарын өткізуге негізгі үміткерлердің бірі ретінде қарастырылып жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz.

Sport24.ru мәліметінше, бұл екі стадион табиғи көгалымен және УЕФА талаптарына барынша сәйкес келетін инфрақұрылымымен ерекшеленеді. Халықаралық кездесулерді өткізу кезінде дәл осы талаптар басты назарға алынады.

Сонымен қатар Астана мен Ақтөбедегі стадиондар да қарастырылып отыр. Алайда қазіргі таңда олар басым нұсқалардың қатарында емес. Бұған негізгі себеп – жасанды жабынның болуы және инфрақұрылымдық ерекшеліктер. Бұған дейін Қазақстанда ойын өткізген бірқатар шетелдік құрамалар мен клубтар жасанды алаңдардың сапасына қатысты ескертулер жасаған болатын.

Дереккөздің мәліметінше, Қазақстан тарапы Ресей құрамасы мен клубтарының бейтарап алаңдағы матчтарын қабылдауға дайын. Дегенмен әрбір кездесу бойынша шешім жеке қабылданады.

Стадиондарды таңдау кезінде халықаралық жарыстар күнтізбесімен қатар Қазақстан ұлттық құрамасы мен аталған ареналарды өз алаңы ретінде пайдаланатын клубтардың ойын кестесі де ескеріледі. Сондықтан УЕФА талаптарына сәйкестікпен бірге стадиондардың нақты күндердегі қолжетімділігі де шешуші факторлардың бірі болады.

 

Фото: UCS