Алмат Бекбаев «Елімай» – «Ордабасы» матчына пікір білдірді
Қазақстан қлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Алмат Бекбаев ҚПЛ-дың 13-туры аясындағы «Елімай» – «Ордабасы» (1:3) кездесуіне пікір білдірді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Оның айтуынша, бірінші таймда ойын тең деңгейде өткен.
«Елімай» сапында Фессу Плакка бір-бірден шығу мүмкіндігін пайдалана алмады, ал Роман Муртазаев алыстан жасаған соққысымен қақпаны дәл көздей алған жоқ. Жалпы алғанда, гол соғу мүмкіндіктері бойынша тең ойын болды. «Ордабасы» да қауіпті сәт ұйымдастырғанымен, қонақтарды Никита Пивкин бірнеше рет құтқарып қалды. Дегенмен, семейлік команда қажетсіз айып соққысынан кейін гол жіберіп алды. Трансляция барысында эпизодтың нақты фол екені анық көрінбегенімен, бұл гол қақпашының қателігі ретінде бағаланады, себебі соққы оның қамтуы тиіс бұрышқа түскен. Екінші таймда «Ордабасы» белсендірек ойнап, басымдықты өз қолына алып, кездесуді жеңіспен аяқтады, — деді маман.
Осы нәтижеден кейін шымкенттік клуб 31 ұпаймен турнир кестесінде көш бастаса, «Елімай» 20 ұпаймен 6-орынға жайғасты.
Фото: "Ордабасы" ФК
Бүгін қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы алғашқы қарсыластары анықталады
Ең көп оқылған