Мәзір
Футбол

Әлімжан Тасболатұлы Қазақстан-Бельгия матчы алдындағы күтетін нәтижесін бөлісті

Сабина Асқарқызы 237 қаралым
Әлімжан Тасболатұлы Қазақстан-Бельгия матчы алдындағы күтетін нәтижесін бөлісті

Футбол блогері Әлімжан Тасболатұлы алдағы Қазақстан мен Бельгия құрамалары арасындағы ойынға қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды malimsports.kz. 

«Бельгия - өте мықты қарсылас екенін білеміз. Бірақ Талғат Маруұлы Байсуфинов айтқандай, ешкімнен қорқудың қажеті жоқ. Атакалық ойын көрсету керек. Оның үстіне матч өз алаңымызда өтеді, бұл - үлкен басымдық. Гол соғуға бірнеше мүмкіндігіміз болады деп ойлаймын», - деді сарапшы.

Оның айтуынша, бұл ойында ұпай алу - нағыз мереке болмақ.

«Егер осы кездесуде ұпай жинай алсақ - бұл үлкен қуаныш. Себебі Бельгия құрамасының құрамы өте мықты, тактикалық деңгейі жоғары. Бірақ футболда бәрі мүмкін. Көрейік. Біз сенеміз», - деп қосты Әлімжан Тасболатұлы.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі соңғы матчын Қазақстан құрамасы өз жанкүйерлері алдында өткізеді.

Фото: Ашық дереккөзден 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар