457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Әлі кететін уақыт келген жоқ»: Неймар болашағы туралы айтты

34 жастағы футболшының айтуынша, қазіргі басты мақсаты – келісімшарты аяқталғанға дейін туған клубы – «Сантос» сапында бар күшін салып, лайықты өнер көрсету болып отыр.

Бразилия құрамасының үздік сұрмергені, шабуылшы Неймар кәсіби мансабын аяқтау туралы әзірге ойламайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Globo басылымы хабарлады, деп жазады malimsports.kz

34 жастағы футболшының айтуынша, қазіргі басты мақсаты – келісімшарты аяқталғанға дейін туған клубы – «Сантос» сапында бар күшін салып, лайықты өнер көрсету.

«Мансабымды аяқтау туралы ойлап жүрген жоқпын. Тағы қанша уақыт футбол ойнайтынымды өзім де білмеймін. Қазір менің «Сантоспен» келісімшартым желтоқсан айына дейін жарамды. Сол келісімді толық орындап, клубтың намысын абыроймен қорғағым келеді. Ал одан кейін «Сантоста» қаламын ба, басқа клубқа ауысамын ба, әлде мансабымды аяқтаймын ба – соны шешемін», - деді Неймар.

Тәжірибелі шабуылшы қазіргі таңда өзін физикалық тұрғыдан жақсы сезінетінін де атап өтті.

Неймардың «Сантоспен» жасасқан келісімі 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін есептелген. Ол бұған дейін Еуропада «Барселона», Пари Сен-Жермен және Сауд Арабиясының «Әл-Хиләл» клубтарының намысын қорғаған.

Айта кетейік, футболшы бұған дейін Бразилия ұлттық құрамасындағы мансабын аяқтағанын жариялаған еді. 2026 жылғы әлем чемпионатында бразилиялықтар 1/8 финалда Норвегиядан 1:2 есебімен жеңіліп, жарысты ерте аяқтады. Жарақатына байланысты Неймар сол турнирде небәрі екі матчқа ғана қатыса алды.

Бразилия құрамасы сапында 130 матч өткізіп, 80 гол соққан Неймар – ұлттық құраманың тарихындағы ең үздік бомбардир. Ол Олимпиада ойындарының чемпионы (2016), Олимпиаданың күміс жүлдегері (2012), Конфедерациялар кубогының жеңімпазы (2013) және Америка кубогының күміс жүлдегері (2021) атанған.

Фото: Getty Images