Әли Әлиев «Жеңіс» клубының бас бапкері болды
Қазақстан Премьер-лигасында (ҚПЛ) жаңа бапкер тағайындалды. Елордалық клуб «Жеңіс» команда тізгінін тәжірибелі қазақстандық маман Әли Әлиевке сеніп тапсырды.
«Жеңіс» футбол клубы жаңа бас бапкердің тағайындалғанын әлеуметтік желі арқылы жариялады. Клуб басшылығы Әлиевтің тәжірибесі мен кәсіби біліктілігіне үлкен үміт артып отыр.
Әли Әлиев 1980 жылы дүниеге келген. Ол футболшылық мансабын 1998 жылы Алматының ЦСКА-«Қайрат» командасынан бастап, одан кейін елімізде Алматының «Қайрат», «Ертіс», «Тобыл», «Восток», «Ордабасы», Түркияның «Акчаабат Себатспор», «Кайсери Эрджиесспор», «Карталспор», «Диярбакырспор» клубтарының намысын қорғады. 2015-2018 жылдарда «Қызылжар» сапында ойын көрсетіп, одан кейін команда тізгінін қолға алды.
Биыл Қазақстан ұлттық құрамасында бас бапкер болып, бес турдан кейін қызметінен кетті.
Андрей Демченко «Жеңіс» футбол клубы бас бапкері қызметінен кетті.
Ол астаналық команда тізгінін жазда ұстап, грекиялық Акис Вавалисті алмастырған еді.
Содан бері «Жеңіс» 17 кездесудің 8-де жеңіске жетіп, 6-да тең нәтижеге қанағат білдірсе, 1-де қарсыласына есе жіберді. Нәтижесінде елордалық клуб 36 ұпаймен алтыншы орынға табан тіреді.
Фото: «Жеңіс» клубының баспасөз қызметі
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған