457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әли Әлиев ойыншылардың жарақаттарына байланысты қиындықтар туралы айтты

Ертең ұлттық құрама ойыншылары 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі маңызды матчта Уэльс құрамасына қарсы ойнайды.

Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Әли Әлиев командадағы кадрлық мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды malimsports.kz

Ертең ұлттық құрама ойыншылары 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі маңызды матчта Уэльс құрамасына қарсы ойнайды. Ойын 4 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында 19:00 басталады. 

«Осы циклға ойыншыларды дайындаған баршаға алғыс айтқым келеді. Біздің клубтар ойнаған қалалардың барлығында болдық. Клуб басшылығына, бапкерлерге ризашылығымды білдіремін. Бүгін біз жаттықтыру штабының көзқарасы бойынша үздік ойыншыларды жинадық. Өкінішке қарай, жарақат алған ойыншылар бар, бұл – қалыпты жағдай. Тығыз ойын кестесіне байланысты Еркін Тапалов шеміршегін жарақаттады. Ислам Чесноковта бұлшықет жарақаты бар, оған қатысты шешімді ойын стратегиясына сай қабылдаймыз», – деді Әлиев.

Бұған дейін Бахтиёр Зайнутдиновтің де Қазақстан құрамасының матчтарынан тыс қалатыны айтылған еді. 

Үш турдың нәтиежесі бойынша Қазақстан құрамасы үш ұпай иеленді. Бұл көрсеткіш Әлиевтің шәкірттеріне бес команданың ішінде төртінші орында орналасуға мүмкіндік беріп отыр.

Ал уэльстіктер осыған дейін төрт кездесу өткізіп, жеті ұпайға ие болды. Қазір олар іріктеу кезеңіндегі J тобында екінші орынға жайғасқан. 

Фото: ҚФФ