457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Али Алиев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді

Қазақстан футбол федерациясы оның орнына 5–6 кандидатураны қарастырып жатыр.

Али Алиев Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кететіні белгілі болды, деп хабарлайды malimsports.kz

Қазақстан футбол федерациясы оның орнына 5–6 кандидатураны қарастырып жатыр. Сарапшылардың мәліметінше, таңдау шетелдік маманға түсуі ықтимал.

Бұл шешімге жақында өткен әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі сәтсіз нәтиже де әсер еткен болуы мүмкін. Қазақстан құрамасы сырт алаңда Бельгиядан 0:6 есебімен ойсырай ұтылып, жанкүйерлер мен футбол қауымдастығының сынына ұшырады.

Сонымен қатар, 2026 жылдан бастап Қазақстан Премьер-лигасында 16 команда ойнайтыны ресми түрде бекітілді. Ережеге сәйкес, жаңа маусымнан бастап Премьер-лигадан бір команда төмен түссе, Бірінші лига командаларының үшеуі жоғарғы дивизионға жолдама алады.

Осылайша, қазақстандық футболда бапкерлік құрамдағы өзгерістермен қатар, ішкі чемпионаттың құрылымдық реформалары да жүзеге аспақ.

Фото: ҚФФ