457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әли Әлиев: «Бельгияға қарсы ойында тосынсый дайындаймыз»

Маманның айтуынша, команда Уэльспен өткен кездесуден кейін ауыр жарақаттарсыз шыққан.

Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Әли Әлиев 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Бельгияға қарсы өтетін матч алдындағы ойымен бөлісті, деп хабарлайды malimsports.kz

Маманның айтуынша, команда Уэльспен өткен кездесуден кейін ауыр жарақаттарсыз шыққан.

Қазір ең маңыздысы – ойыншылардың функционалдық және психологиялық жағдайын қалпына келтіру. Уақыт аз, бірақ бапкерлік штаб пен медициналық персонал қысқа мерзімде барлық қажетті жұмысты атқаруда, - деді ол.

Ғалымжан Кенжебектің соңғы матчта ерте ауысуына қатысты сұраққа Әлиев арнайы түсініктеме берді.

Бізде екі ойынға арналған стратегия болды. Кенжебектің Бельгияға қарсы ойында қажет екенін біліп, оны соңына дейін ойнатпадық, - деді бапкер. 

Сондай-ақ бас бапкер құраманың ойын тәртібі мен бірлігі негізгі артықшылық болатынын атап өтті.

Жігіттер кез келген қарсыласқа қорықпай қарсы шығады, мұны төрт ресми ойында көрсетті. Иә, сәл сәттілік жетпеді, бірақ осындай көзқараспен жеңістер де алыс емес, - деді Әлиев.

Оның сөзінше, бүгін кешке теориялық жаттығу өткізіліп, қарсыласқа қарсы арнайы тактикалық жоспар дайындалады.