Әлем чемпионы Хуан Мата Қазақстан чемпионатына келуі мүмкін
Испания құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы, әлем және Еуропа чемпионы Хуан Матаның мансабын Қазақстан Премьер-лигасында жалғастыруы ықтимал. Бұл туралы инсайдер Эльдар Аманбаев мәлімдеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Оның мәліметінше, 38 жастағы тәжірибелі футболшының қызметі Қазақстанның оңтүстігіндегі клубтардың біріне ұсынылған. Алайда әзірге қай клуб екені нақтыланбаған.
Қазіргі уақытта Хуан Мата Аустралияның «Мельбурн Виктори» клубының намысын қорғайды. Өткен маусымда ол ұлттық чемпионатта 25 матч өткізіп, 5 гол соғып, 13 нәтижелі пас авторы атанды.
Сонымен бірге ықтимал трансфердің жүзеге асуына уақыт факторы әсер етуі мүмкін. Ақпаратқа сәйкес, тәжірибелі жартылай қорғаушы жаңа командасына 2026 жылдың соңына қарай ғана қосылуы ықтимал.
Хуан Мата – әлем футболындағы ең танымал ойыншылардың бірі. Ол Испания құрамасымен 2010 жылғы әлем чемпионаты мен 2012 жылғы Еуропа чемпионатында жеңіске жеткен. Клубтық мансабында «Валенсия», «Челси», «Манчестер Юнайтед» және «Галатасарай» секілді атақты командалардың сапында өнер көрсеткен.
Фото: instagram/juanmatagarcia
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған