Әлем чемпионы Фабьен Бартез Франция құрамасының жаттықтырушылар штабына қосылды
1998 жылғы әлем чемпионы және Еуропа чемпионы Фабьен Бартез Франция ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабына қосылды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ол қақпашылармен жұмыс істейтін жаттықтырушы қызметін атқарады. Бұл туралы Франция футбол федерациясы мәлімдеп отыр.
Франция құрамасын 28 шілдеден бастап әйгілі футболшы әрі жаттықтырушы Зинедин Зидан басқарады. Оның келісімшарты 2030 жылғы әлем чемпионатына дейін жасалған.
Жаттықтырушылар штабына сонымен қатар Давид Беттони, Хамиду Мсаиди, Грегори Дюпон, Стефан Планк, Фарид Табет және Клеман Ибер кірді.
55 жастағы Фабьен Бартез Франция құрамасында 1994-2006 жылдары өнер көрсеткен. Ол ұлттық команда сапында 1998 жылы әлем чемпионатында жеңіске жетіп, 2006 жылғы әлем чемпионатының финалына дейін жетті. Сондай-ақ 2000 жылғы Еуропа чемпионаты мен 2003 жылғы Конфедерациялар кубогында чемпион атанды.
Бартез бұған дейін де Франция құрамасының қақпашыларымен жұмыс істеген. Ол 2010-2012 жылдары ұлттық команданың жаттықтырушылар штабында болды. Сонымен қатар 2020-2021 жылдары «Тулуза» клубында қақпашылар жаттықтырушысы қызметін атқарды.
Франция құрамасы Зиданның басшылығымен алғашқы матчын 25 қыркүйекте Түркияға қарсы Ұлттар лигасында өткізеді.
Фото: Ашық дереккөзден
«Челси» Дастан Сәтпаевтың болашағына қатысты шешім қабылдады
Ең көп оқылған