457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әлем чемпионатының ашылу күні «Ацтека» стадионы маңында Германия жанкүйері қайтыс болды

Неміс жанкүйері футболдан 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының ашылу күні «Ацтека» стадионының жанында өмірден озған.

Мексикада футболдан Германия құрамасының жанкүйері аты аңызға айналған Ацтека стадионы маңында көз жұмды, деп хабарлайды malimsports.kz

Мексиканың Ole басылымының мәліметінше, неміс жанкүйері футболдан 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының ашылу күні «Ацтека» стадионының жанында қайтыс болған.

Мексика билігінің хабарлауынша, қайғылы оқиға Мексика мен Оңтүстік Африка Республикасы құрамалары арасындағы ашылу матчы кезінде аренаның екінші пандусында болған. Марқұмның 81 жастағы Германия азаматы екені анықталған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жанкүйер инфаркт алған. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаларда дәрігерлердің оқиға орнында оған реанимациялық көмек көрсеткені көрінеді. Алайда ер адамның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

Ұлттық кардиология институты мамандары оның қайтыс болғанын ресми түрде растады. Сондай-ақ Мехиконың дағдарыс орталығы Германияның консулдық қызметімен байланыс орнатқанын хабарлады.

Фото: Бейнежазбадан скриншот