Әлем чемпионатында танылған Возинья Чилидің ең атақты клубына ауысты
Кабо-Верде құрамасының қақпашысы Возинья мансабын Чилидің әйгілі «Коло-Коло» клубында жалғастырады. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі ресми түрде хабарлады, деп жазады malimsports.kz.
40 жастағы тәжірибелі қақпашы медициналық тексерістен сәтті өтіп, жаңа командасымен келісімшартқа қол қойды. Келісім мерзімі ресми жарияланбағанымен, Transfermarkt порталының мәліметінше, келісімшарт 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін есептелген.
Возинья 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында Кабо-Верде құрамасының сапында жарқын ойынымен көпшіліктің назарын аударды. Әсіресе, топтық кезеңдегі алғашқы кездесуде Испания құрамасының шабуылына төтеп беріп, қақпасына гол жібермегеннен кейін оның танымалдығы күрт өсті.
Әлем чемпионатына дейін әлеуметтік желідегі парақшасына небәрі 50 мыңға жуық адам жазылған болса, турнир аяқталғаннан кейін оқырмандарының саны 29,5 миллионға жетті. Осылайша Возинья әлемдегі қақпашылар арасында әлеуметтік желідегі ең көп оқырманы бар футболшы атанып, чемпионаттың ең танымал ойыншыларының біріне айналды.
Соңғы екі маусымда Возинья Португалияның екінші дивизионында өнер көрсететін «Шавеш» клубының намысын қорғады. Бұған дейін ол Португалияның «Жил Висенте», Молдованың «Зимбру», Кипрдің АЕЛ және Словакияның «Тренчин» клубтарында да ойнаған.
Айта кетейік, «Коло-Коло» – Чили футболының ең табысты клубы. Команда өз тарихында 33 рет Чили чемпионы, 13 мәрте ел кубогының және 3 рет Суперкубоктың жеңімпазы атанған. Возиньяның тәжірибесі клубтың жаңа маусымдағы мақсаттарына жетуіне маңызды үлес қосады деп күтіліп отыр.
Фото: Getty Images
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған