Әлем чемпионатында Бразилия тең ойнап, Шотландия жеңіске жетті
Шотландия құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатындағы алғашқы ойынында Гаити құрамасын жеңіп, турнирді сәтті бастады, деп хабарлайды malimsports.kz.
С тобы аясындағы кездесу АҚШ-тағы Жиллетт стадионында өтіп, шотландиялықтардың 1:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды.
Матчтағы жалғыз голды 28-минутта жартылай қорғаушы Джон Макгинн соқты. Ол айып алаңы сыртынан дәл соққы жасап, командасына үш ұпай сыйлады.
Ал осы топтағы тағы бір кездесуде Бразилия мен Марокко құрамалары тең тарқасты. Ойынның 21-минутында Исмаэль Сайбари марокколықтарды алға шығарса, 32-минутта Винисиус Жуниор есепті теңестірді.
Осы нәтижеден кейін Шотландия үш ұпаймен С тобында бірінші орынға көтерілді. Бразилия мен Марокко бір ұпайдан еншілесе, Гаити ұпайсыз қалды.
Еске салайық, әлем чемпионатының топтық кезеңінде 48 құрама 12 топқа бөлінген. Плей-офф кезеңіне әр топтан алғашқы екі орын алған командалар және үшінші орын иеленген құрамалар арасындағы үздік сегіз команда жолдама алады.
Фото: Depositphotos/AtlasStudio©
Бүгін қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы алғашқы қарсыластары анықталады
Ең көп оқылған