457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әлем чемпионатына қатысатын ең жас футболшылардың бірі жарақатына байланысты турнирден тыс қалды

Жас футболшы жаттығу барысында АҚШ-тың Чикаго қаласында сол жақ санының бұлшық етін жарақаттап алған.

Германия құрамасы мен Мюнхеннің «Бавария» клубының 18 жастағы жартылай қорғаушысы Леннарт Карль жарақатына байланысты 2026 жылғы әлем чемпионатына қатыса алмайды, деп хабарлайды malimsports.kz

Жас футболшы жаттығу барысында АҚШ-тың Чикаго қаласында сол жақ санының бұлшық етін жарақаттап алған.

«Сөзді неден бастарымды да білмеймін. Мен үшін ең маңызды турнирді өткізіп алу өте ауыр. Әлем чемпионатына толық дайын болу үшін қолдан келгеннің бәрін жасадым. Өкінішке қарай, жарақаттар көбіне ең қолайсыз сәтте орын алады», - деп жазды Карль әлеуметтік желідегі парақшасында.

Алдын ала мәлімет бойынша, оның орнына әлем чемпионатына «Лейпциг» клубының 20 жастағы жартылай қорғаушысы Ассан Уэдраого шақырылады.

Леннарт Карль Германия ұлттық құрамасы сапындағы дебютін биылғы наурыз айында өткізді. Ол әзірге ұлттық құрама құрамында үш матчқа қатысқан.

Карль 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын ең жас футболшылардың бірі саналған еді. Одан жасы кіші ойыншылар қатарында 18 жастағы чехиялық Гуго Сохурек пен 17 жастағы мексикалық Хильберто Мора бар.

Айта кетейік, футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Германия құрамасы Е тобында Кюрасао, Эквадор және Кот-д’Ивуар құрамаларымен кездеседі.

Фото: Getty Images