Әлем чемпионатына 2,5 ай қалғанда Гана құрамасының бас бапкері қызметінен кетті
Футболдан Гана ұлттық құрамасының бас бапкері Отто Аддо 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты басталуына 2,5 ай қалғанда қызметінен босатылды, деп жазады malimsports.kz.
Бұл туралы Гана футбол қауымдастығы (GFA) ресми сайтында хабарлады.
«Гана футбол қауымдастығы ерлер ұлттық құрамасының (Black Stars) бас бапкері Отто Аддомен келісімшартты бұзды. Бұл шешім бірден күшіне енеді», - делінген мәлімдемеде.
Бапкердің қызметтен кету себептері нақты айтылған жоқ.
Наурыз айында Гана құрамасы екі жолдастық матчта жеңілді. Оның бірі Аустриядан 1:5 есебімен жеңілсе, Германиядан 1:2 есебімен есе жіберген.
50 жастағы Аддо 2024 жылы бас бапкер болып тағайындалған еді. Бұған дейін, 2022 жылдан бастап, ол жаттықтырушының көмекшісі қызметін атқарған.
Гана құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алып, L тобына түсті. Бұл топта олар Англия, Панама және Хорватия құрамаларымен кездеседі.
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтеді.
Фото: Getty Images
Ең көп оқылған