457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әлем чемпионаты: Мексика Иран құрамасының матчтарын өткізуге әзір екенін мәлімдеді

Егер ФИФА рұқсат берсе, Мексика бұл ойындарды өткізуге еш қиындық көрмейді. 

Мексика президенті Клаудия Шейнбаум 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты аясында Иран ұлттық құрамасының матчтарын қабылдауға дайын екенін мәлімдеді, деп жазады malimsports.kz

Оның айтуынша, егер ФИФА рұқсат берсе, Мексика бұл ойындарды өткізуге еш қиындық көрмейді. Бұған дейін Иран футбол федерациясы президенті Мехди Тадж ұлттық құраманың матчтарын АҚШ-тан Мексикаға ауыстыру жөнінде келіссөздер жүріп жатқанын хабарлаған болатын.

Алайда британдық The Times басылымы ФИФА бұл ойындарды көшіруге ниетті емес екенін жазды. Ұйым өкілдері турнир кестесі 2025 жылғы 6 желтоқсанда бекітілгенін және барлық командалар сол жоспарға сәйкес өнер көрсетеді деп күтетінін жеткізді.

Қазіргі жоспар бойынша Иран құрамасы топтық кезеңдегі барлық матчтарын АҚШ аумағында өткізеді. Олар Бельгия құрамасы, Египет құрамасы және Жаңа Зеландия құрамасымен бір топқа түскен. Ойындар Инглвуд және Сиэтл қалаларында өтуі тиіс.

Айта кетейік, 28 ақпаннан бері АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция жүргізіп жатыр. Осыған байланысты Иран тарапы турнирге қатысу мәселесін де қарастырған. Елдің спорт министрі Ахмад Доньямали ұлттық құраманың әлем чемпионатына бармауы мүмкін екенін айтқан. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Иран құрамасының турнирге келуін орынсыз деп санайтынын жеткізген.

Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексика аумағында өтеді.

Фото: Getty Images