Әлем чемпионаты: Кабо-Верде қақпашысы әлеуметтік желіде бір тәуліктен астам уақытта 12 миллионға жуық оқырман жинады
Футболдан әлем чемпионатында Испания құрамасына қарсы өткен сенсациялық матчтан кейін Кабо-Верде құрамасының қақпашысы Жозимар Возиньяның әлеуметтік желідегі оқырмандарының саны күрт өсті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Әлем чемпионатының топтық кезеңінде Испания мен Кабо-Верде құрамалары 0:0 есебімен тең түсті. Көпшілік фаворит санаған Испания құрамасы қарсылас қақпасынан саңылау таба алмады.
Кездесудің үздік ойыншысы болып 40 жастағы қақпашы Жозимар Возинья танылды. Ол матч барысында жеті рет қауіпті соққыны қайтарып, командасына маңызды ұпай сыйлады.
Ойын аяқталғаннан кейін қақпашының Instagram парақшасында видео жарияланып, онда журналист матчтан кейін бірден оған шамамен 2 миллион адам жазылғанын көрсеткен. Бұл көрсеткіштің өзі футболшыны таңғалдырған.
Алайда арада бір тәулік өтпей жатып Возиньяның жазылушылар саны 11,5 миллионнан асты. Бұған дейін оның әлеуметтік желідегі оқырмандарының саны небәрі 43 мың болған.
Спорт сарапшыларының пікірінше, Испанияға қарсы сәтті ойын Кабо-Верде қақпашысының әлемдік деңгейде танылуына себеп болды. Бір ғана матчтың арқасында тәжірибелі голкипердің танымалдығы бұрын-соңды болмаған деңгейге жетіп отыр.
Жанкүйерлер әлеуметтік желілерде Возиньяның өнеріне жоғары баға беріп, оны әлем чемпионатының басты қаһармандарының бірі деп атап отыр.
Фото: Getty Images
Әлем чемпионаты: Кабо-Верде қақпашысы әлеуметтік желіде бір тәуліктен астам уақытта 12 миллионға жуық оқырман жинады
Ең көп оқылған