457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әлем чемпионаты: бүгін Германия алғашқы матчын өткізеді

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты аясында 14-15 маусым күндері төрт кездесу өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бүгін 2014 жылғы әлем чемпионы Германия құрамасы турнирдегі алғашқы матчын өткізеді. Е тобында сынға түсетін немістер бірінші турда Кюрасао құрамасына қарсы алаңға шығады.

Ал 15 маусымға қараған түні сағат 01:00-де Нидерланд пен Жапония құрамалары кездессе, 04:00-де Кот-д'Ивуар мен Эквадор өзара мықтыны анықтайды. Таңғы 07:00-де Швеция мен Тунис құрамаларының ойыны басталады.

Әлем чемпионатының бүгінгі матчтары «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты тарихта алғаш рет үш елдің – АҚШ, Канада және Мексиканың аумағында өтіп жатыр. Турнир 11 маусымда басталып, 19 шілдеге дейін жалғасады.

Сондай-ақ бұл әлем чемпионаты FIFA тарихындағы ең ауқымды дода саналады. Биыл алғаш рет турнирдің топтық кезеңіне 48 ұлттық құрама қатысуда.

Матчтардың негізгі бөлігі АҚШ-та ұйымдастырылған. Мұнда жалпы саны 78 ойын өтсе, Канада мен Мексика 13 матчтан қабылдайды.

 

Фото: Alexander Hassenstein / Getty Images