457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әлем чемпионаты-2026: Бразилия мен Германия жарысты бастайды

Аталған ойындар «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

14 маусым күні футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында В, С, D және Е топтарының командалары алғашқы турдағы кездесулерін өткізеді.

Жексенбі күні жанкүйерлердің назары әсіресе әлем футболының алпауыттары саналатын Бразилия мен Германия құрамаларына ауады. Бразилия С тобындағы алғашқы матчында Мароккомен кездессе, Германия Е тобында әлем чемпионатының дебютанты Кюрасаомен күш сынасады.

14 маусым күнгі матчтардың Қазақстан уақыты бойынша кестесі:

00:00 – Қатар – Швейцария (В тобы)

03:00 – Бразилия – Марокко (С тобы)

06:00 – Гаити – Шотландия (С тобы)

09:00 – Аустралия – Түркия (D тобы)

22:00 – Германия – Кюрасао (Е тобы)

Аталған ойындар «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Еске салайық, әлем чемпионатында бұған дейін төрт кездесу өтті. А тобындағы матчтарда Мексика құрамасы Оңтүстік Африканы 2:0 есебімен жеңсе, Оңтүстік Корея Чехияны 2:1 нәтижесімен тізе бүктірді.

Жанкүйерлер алдағы ойындарда әлемдік футбол жұлдыздарының өнерін тамашалап, турнирдің алғашқы сенсацияларының куәсі болуға мүмкіндік алады.

Фото: Getty Images