457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Александр Заруцкий мансабын «Ақтөбеде» жалғастырады

Заруцкийдің «Ақтөбеге» ауысуы клубтың жаңа маусым алдындағы маңызды трансферлерінің бірі саналады

Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Александр Заруцкий мансабын «Ақтөбе» футбол клубында жалғастырады.

ASnews.kz мәліметінше, 32 жастағы тәжірибелі голкипер алматылық «Қайраттан» кеткеннен кейін «қызыл-ақтармен» келісімге келіп, екі маусымға арналған келісімшартқа қол қойған.

Дереккөздің хабарлауынша, соңғы апталарда Заруцкиймен семейлік «Елімай» клубы да белсенді келіссөздер жүргізген. Алайда қақпашы ақырында «Ақтөбе» клубының ұсынысын таңдаған.

Өткен маусымда Александр Заруцкий «Қайрат» сапында барлық турнирде 24 матч өткізді. Рафаэль Уразбахтиннің жетекшілігімен алматылық командамен бірге Қазақстан чемпионы атанып, Суперкубокты жеңіп алды. Сондай-ақ ол клубтың УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығуына елеулі үлес қосты.

Заруцкийдің «Ақтөбеге» ауысуы клубтың жаңа маусым алдындағы маңызды трансферлерінің бірі саналады.

Фото: ҚФФ