457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Александр Меркель «Жеңіс» клубында Германия азаматы ретінде ойнайды

«Қазіргі таңда Александр Меркель легионер саналады

Астаналық «Жеңіс» футбол клубының бас директоры Айдын Кожахмет Sports24.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында жартылай қорғаушы Александр Меркельдің Қазақстанға оралғаннан кейінгі дайындығы, бейімделуі және мотивациясы жайлы пікір білдірді.

Айдын Кожахметтің айтуынша, Меркель маусымға жақсы физикалық жағдайда келіп отыр және жоғары кәсібилігін көрсетуде.

«Ол – нағыз кәсіби футболшы. Өзіне жеңілдік бермейді, үнемі көп жұмыс істейді», – деді клуб басшысы.

Сонымен қатар, Кожахмет ойыншының көшбасшылық қасиеттерін де атап өтті.

«Бақылау матчтары оның жақсы формада екенін көрсетіп отыр. Бапкерлік штаб бүкіл команданың физикалық дайындығын жүйелі түрде жүргізуде. Әртүрлі өлшемдер мен деректер бойынша Алекс тұрақты түрде көшбасшылар қатарында», – деп қосты ол.

Клубтың бас директоры футболшының бейімделу мәселесіне де жеке тоқталды.

«Ол Қазақстанда ұзақ уақыт болмаған. Қазір өз еліне келіп, ішкі бір армандарын жүзеге асырғысы келеді. Отбасы елімізде өмір сүргісі келеді, ал Алекс балаларына өз Отанын көрсетуді армандайды. Қазір команда Түркияда оқу-жаттығу жиынында, бірақ ол күн сайын Астана туралы сұрап отырады. Оның елордаға тезірек келгісі келіп тұрғаны анық байқалады», – деді Кожахмет.

Сондай-ақ, ол Меркельдің «Жеңіске» ауысуы қаржылық себептермен байланысты емес екенін атап өтті.

«Ол бұл клубқа тек өз елінде ойнау үшін келді. Оның мотивациясы – ақша емес. Келісімшарттағы жалақы команданың жетекші ойыншыларының деңгейімен шамалас. Шынымды айтсам, біз ұсынған соманы ол кезінде “Миланның” жастар құрамасында-ақ табуы мүмкін еді. Бұл – қаржыға байланысты емес оқиға, әрі біз үшін үлкен сәттілік», – деді ол.

Ойыншының мәртебесіне қатысты сұраққа Кожахмет нақты жауап берді:

«Қазіргі таңда Александр Меркель легионер саналады».

Айта кетейік, «Жеңіс» клубы Александр Меркельмен келісімшарт жасасқанын ресми түрде 30 қаңтарда жариялаған болатын.

Фото: «Жеңіс» клубының баспасөз қызметі