457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Албаниялық БАҚ «Динамо Ситидің» «Астанадан» басымдығын атады

«Астананы» алдағы күндері тығыз ойын кестесі күтіп тұр.

Албаниялық Panorama Sport басылымы Конференциялар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде кездесетін «Динамо Сити» мен «Астана» командаларының қазіргі жағдайына салыстырмалы талдау жасап, албандық клубтың басымдығын атады, деп хабарлайды malimsports.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

Басылымның жазуынша, «Астананы» алдағы күндері тығыз ойын кестесі күтіп тұр. Елордалық клуб 9-10 шілде күндері сырт алаңда «Динамо Ситимен» кездессе, 16 шілдеде қарымта матчта қарсыласын өз алаңында қабылдайды. Ал одан кейін үш күннен соң Қазақстан Премьер-лигасы аясында «Ақтөбемен» күш сынасады.

Осыған байланысты қазақстандық команда ойыншылардың күшін үнемдеуге және құрамға өзгеріс енгізуге мәжбүр болуы мүмкін. Сонымен қатар, басылым «Астананың» қосалқы құрамының тереңдігі де шектеулі екенін атап өткен.

Ал «Динамо Сити» маусым аяқталғаннан кейін шамамен бір ай бойы ресми матч өткізбей, Солтүстік Македонияның Охрид қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп, физикалық және тактикалық дайындыққа ден қойған.

Panorama Sport сарапшыларының пікірінше, дәл осы фактор албандық клубқа басымдық береді. Себебі команда ойынның барлық 90 минуты бойы жоғары қарқынды сақтай алады. Әсіресе, екінші таймда «Астананың» ұзақ сапар мен тығыз күнтізбеден туындаған шаршауы шешуші рөл атқаруы мүмкін.

Басылым алдағы кездесуде командалардың физикалық дайындық деңгейіндегі айырмашылық тактикалық ойын өрнегіне де тікелей әсер етеді деген болжам жасады.

Фото: Sports.kz