«Аль-Наср» Роналдусыз Сауд Арабиясы чемпионатында жеңіспен бастады
Эр-Риядтың «Аль-Наср» клубы Сауд Арабиясы чемпионатының алғашқы турында өз алаңында «Аль-Фатехті» ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды malimsports.kz.
2026/27 жылғы маусымның алғашқы ойыны ел астанасындағы «Аль-Авваль Парк» стадионында өтіп, алаң иелерінің 3:0 есебімен жеңісімен аяқталды.
«Аль-Наср» сапынан бразилиялық шабуылшы Габриэль Анжело 37-минутта есеп ашты. Арада үш минут өткенде португалиялық форвард Жоау Феликс есепті еселеді. Ал 73-минутта тағы бір португалиялық футболшы Саму Кошта үшінші голды соқты.
Команданың капитаны әрі көшбасшысы Криштиану Роналду алғашқы матчқа қатысқан жоқ. Португалиялық футболшы ұлы Криштианумен бірге кездесуді трибунадан тамашалады. Роналду маусым басталардан бірнеше күн бұрын сүйіктісі Джорджина Родригеспен некесін қиған болатын.
Бұл жеңіс «Аль-Насрға» алғашқы үш ұпайын сыйлады. Қосымша көрсеткіштер бойынша қазіргі Сауд Арабиясы чемпионы турнир кестесінің көшін бастады.
Ал «Аль-Фатех» алғашқы турдан кейін ұпайсыз қалып, 18-орынға жайғасты.
Фото: Ашық дереккөзден
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Ең көп оқылған